обратная связь

Успешно отправлено
Array ( [REQUEST] => )

ЖИІ СҰРАҚТАР

Шипажай аумағына кіру ақылы ме?

Кіру тегін

Қонақтарға трансфер бар ма?

Демалыс және мереке күндері сіз «Fantasy» саябағы мен цирк (фонтан жанында) арасында орналасқан тұрақ орнынан 10:00-де кететін трансферді пайдалана аласыз. Бір жаққа бару құны жасына қарамастан, адам басына 500 теңгені құрайды. Міндетті түрде алдын ала 8 (727) 312 00 08 нөмірі бойынша тіркелу қажет.

Көлік тұрағы ақылы ма?

Тұратындарға арналған тұрақ тегін, тұрусыз демалатын қонақтарға арналған тұрақ құны тәулігіне 1000 теңгені құрайды.

Үй жануарларымен келуге бола ма?

Өкінішке орай, үй жануарлары барларға шипажай аумағына кіруге тыйым салынады.

Трансфер бере аласыз ба?

Иә, әрине, жеке трансфер құны бір жаққа 10 000 теңгені құрайды.

Алдын ала төлемді қалай төлеуге болады?

Кез келген қызметті сіз www.oi-qaragai.kz сайтында төлей аласыз. Басты беттің жоғарғы оң жақ бұрышта «ONLINE төлем» батырмасы орналасқан, сондай-ақ Масанчи 67А мекенжайы бойынша «Домовой» дүкеніне алдын ала төлем жасауға болады.

Мейрамханалардың жұмыс кестесі?

Мейрамханалар 8: 30-дан соңғы қонаққа дейін жұмыс істейді.

Қосымша орналастыру құны

Қосымша орналастыру құны нөмір санатына байланысты 6000 теңгеден 8000 теңгеге дейін.

Тау шаңғысы жабдығын жалға алуыңыз бар ма?

Иә, аумақта 4 жалға беру пункті орналасқан, олар 9:00-ден 17:00-ге дейін, түнгі сырғанау күндері 9:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Қонақ үйге келу және кету уақыты?

Стандартты есептік уақыт: келу – 14: 00, шығу – 12: 00.

Тұруға не кіреді?

Тұруға «Швед үстелі» жүйесі бойынша таңғы ас қосылған.

Аттракциондардың жұмыс кестесі?

Қысқы кезеңде арқан паркі, троллей паркі және ат орталығы сияқты ойын-сауық орындары күн сайын 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді.

Тау шаңғысы мектебі бар ма?

Тау шаңғысы мектебі күн сайын 9:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді, оқыту сабақтарының бағасы 10 адамнан тұратын топтар үшін жұмыс күндері 5500 теңгеден басталады.

Жеке сабақтардың құны?

2 сағаттық сабақтың құны жасына байланысты 7000 теңгеден 15000 теңгеге дейін.

Баланы қанша жастан бастап шаңғыға беруге болады?

Нұсқаушымен сабақ 3 жастан бастап қолжетімді.

Сіздерде нөмірді жарты тәулікке жалға алуға бола ма?

Біз сізге күндізгі тұруды ұсына аламыз, оның құны 21 000 теңгеден басталады.

Тау шаңғысы трассаларының саны мен ұзындығы?

Жалпы ұзындығы 13 км 15 тау шаңғысы трассасы.

Сізде балалар мәзірі бар ма?

Иә, балалар мәзіріне тағамдарды мейрамханаларымыздың кез келгенінен тапсырыс бере аласыз.

Сіздер қай жерде орналасқансыздар?

Шипажай Алматы қаласының орталығынан 40 минуттық жерде орналасқан. Бізге жету үшін Талғар тас жолы бойымен тура жүріп, 4-ші бағдаршамнан тауға қарай оңға бұрылып, межелі жерге жеткенге дейін 15 минут бойы тас жол бойындағы көрсеткіштермен бірге ешқайда бұрылмай жүріп отырыңыз.

Жаңалықтар мен арнайы ұсыныстар