обратная связь

Успешно отправлено
Array ( [REQUEST] => )
0 °
Скорость ветра:
м/с
0 °
Скорость ветра:
м/с

ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТЫ

OI-QARAGAI

LESNAYA SKAZKA

ТАУ ШАҢҒЫ КУРОРТЫНЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ

ЖҰМЫС КҮНДЕРІ:

9:00 - 17:00 (СЕЙСЕНБІ - ТЕХ. КҮНI)



ТҮН ШАҢҒЫ ТЕБУ

Әр сәрсенбі, жұма және сенбіде 19:00-ден 23:00-ге дейін.

ЖОЛДЫҢ АШЫЛУЫ

ТАУ ШАҢҒЫ ЖОЛДАРЫ
MANÝL
SAPSAN
MARAL
ELIK
QARAQAI
QASQYR
AT
IRBIS
БАЛЛОН ЖОЛДАРЫ
LAKE PARK
PANORAMA PLAZA
LESNAYA SKAZKA

18 ТАУ ШАҢҒЫ ЖОЛЫ

Тәжірибелі шаңғышысыз ба немесе жақында шаңғы тебе бастадыңыз ба, біздің жолдар сіздің көңіліңізден шығады! Mountain Resort «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka-да» қиындық деңгейі әртүрлі көптеген қызықты шаңғы жолдары бар! Жолдарды аустриялық мамандар жасап, сіз сырғанаудан және керемет көріністерден ләззат алсын деп жобалаған?

5 ШАҢҒЫ ЖАРАҒЫН ЖАЛҒА БЕРУ ПУНКТІ

Біздің жалға беру пунктілерімізден әлемнің жетекші брендтерінен өзіңізге ең жақсы киім мен жарақты таңдап алыңыз! Сізде шаңғы жарағының ең үлкен таңдауы болуын қамтамасыз еттік! Жалға беру пункті жанында жөндеу шеберханасы және спорт жарақтары дүкені бар!

БІЗДЕН ТАБУҒА БОЛАДЫ…

СНОУТЮБИНГ

Баллонға мініп табиғат аясында зулап сырғанаңыз! Сноутюбинг – отбасы және достармен бірге көңіл көтеруге арналған сырғанақ!

ТАУ ШАҢҒЫСЫ МЕКТЕБІ

Шаңғы мен сноубордты меңгеру үшін керемет жер! Тау шаңғысы мектебімізде еуропалық жүйе бойынша үйретуді білетін тәжірибелі нұсқаушылар сізді 2 сағат ішінде шаңғыны үйретеді.

КАФЕЛЕР ЖӘНЕ РЕСТОРАНДАР

Тау шаңғы жолдарына көрінісі бар жайлы кафеде демалыңыз. Ыстық, хош иісті кофе ішіп жылынып, аспаздарымыз әзірлеген керемет дәмді тағамдардан ләззат алыңыз. Жаңа белестерді алу үшін жүрек жалғап алыңыз.

OI-QARAGAI SKI&BIKE PARK

ОТБАСЫҒА АРНАЛҒАН

ТАУ ШАҢҒЫ КУРОРТЫ!

Mountain Resort «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka-да» сізді қар басқан тау бөктері мен белсенді демалыс күтеді! Қысқы шым-шытырманның кезі келді! Осында дос-жарандарыңызбен бірге келіп, аустриялық мамандар әзірлеген керемет шаңғы жолдарында сырғанаңыз! Төбеден «балонмен» сырғанап, отбасыңызбен бірге сергіп алыңыз! Ал біз демалысыңыз жағымды әрі ұмытылмас болуын қамдаймыз. Сіздің жайлы демалуыңыз үшін бізде бәрі бар: 5 шаңғы жарағы пункті, кең көлік тұрағы, камині бар, ең дәмді тағадары бар, терезелерінен тау бөктері көрінетін «Aport-Alatau» ресто-бары, балалар бөлмесі және медициналық пункт, 3 тау шаңғысы мектебі пункті. Ал елдегі ең үздік ski-service командасы сіздің тау баурайларындағы қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді.

Курортта бірнеше күн қалып қаланың күйбелең тіршілігінен демалыңыз! Сізді қуана-қуана қарсы алып Mountain Resort «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka-ның» әртүрлі нөмірлер қорынан жайлы нөмірге орналастырамыз.

ШАҢҒЫ ЖАРАҒЫН ЖАЛҒА БЕРУ ПУНКТІ

ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫР!

Жетекші спорт жарақтарын шығаратын компаниялардың тау шаңғысы және сноубордқа арналған ең жақсы жарақтарын пайдаланыңыз! Жалға беру пунктілерімізде балалар мен ересектерге, енді үйреніп жатқандар мен кәсіпқойларға керектің бәрі бар! Мамандарымыз сізге ең сапалы сноуборд, шаңғы, маска, дулыға және спорт киімін таңдап алуға көмектеседі! Бізден өзіңізге ең лайық киім мен жарақ алыңыз, себебі бізде барлық өлшемдер бойынша таңдау үлкен.

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СПОРТ КЛУБЫ

Балаларға арналған спорт клубы жыл он екі ай жұмыс істейді, балаңыздың физикалық қалпын сақтау үшін оқу-жаттығу үдерісін жүргізеді. Оқу барысында қысқа мерзімде максималды нәтиже шығару үшін әсер ететін әдістер қолданылады.

ТАУ

ШАҢҒЫСЫ МЕКТЕБІ

2 САҒАТ ІШІНДЕ ШАҢҒЫ ҮЙРЕТЕМІЗ

ЕУРОПАЛЫҚ ҮЙРЕТУ

ЖҮЙЕСІ

5 ЖАСТАН

БАСТАП ҮЙРЕТЕМІЗ

ДИПЛОМЫ

БАР НҰСҚАУШЫЛАР

Әлі шаңғы тебе алмайсыз ба? Онда тезірек бізге келіңіз! Өйткені «Oi-Qaragai Lesnaya Skazka» тау шаңғы бөктері шаңғы және сноубордты үйрену үшін ең керемет орын! Бізде оған арналған керектің бәрі бар: қиындық деңгейлері әртүрлі жолдар, бірнеше деңгейлі құзіреттілігін тексеруден өткен, сертификатталған ең жақсы нұсқаушылар! Сізге шаңғыны 2 сағатта үйретеді! Ғажап тау табиғаты аясында жылдамдық пен ұшу сезімінен ләззат алатын боласыз! Ал егер сізде шаңғы үйренуге арналған жарақ болмаса, біздің мамандар ең ыңғайлы және жаңа киім мен жарақты таңдап алуға көмектеседі.

ДӘРІСТЕРДІҢ ҚҰНЫ

ЖЕКЕ ДӘРІС

Ұзақтығы

Бағасы

45 минут

8 000 тг

СІЗДІҢ ДЕМАЛЫСЫҢЫЗДЫ

ҚАМДАЙМЫЗ!

Жалға беру пункті жанында жөндеу шеберханасы және спорт жарақтары дүкені бар! елдегі ең үздік ski-service командасы сіздің тау баурайларындағы қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді. 5 жарақ пункті, кең көлік тұрағы, ыстық кофе және жеңіл тамағы бар кафе, бала бөлмесі, медициналық пункт, тау шаңғы мектебі және ізгі сервис!

OI QARAGAI LESNAYA SKAZKA-ДА

ӘЛЕМДІК БРЕНДТЕР ҰСЫНАТЫН ЖАРАҚТЫ СЫНАП КӨРУДІ ҰСЫНАМЫЗ